Қала жаңалықтары

2020 жылдың 10 ақпанында Приозерск қаласының  «Достық» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық  орталығында  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында робототехника бойынша «ROBOLEND-2020» қалалық жарысы өтті.

 

Байқау қарқынды еркін тақырыпта үш тілде жүргізілді.Біздің әнші балалапандарымыз халық алдында «Жастар сарайының» үлкен сахнасында өз өнерлерін ортаға салды. Бұл сайысқа қызу дайындықпен келген, әр облыстың өнерпаздарымен бірге, шет елден келген талапкерлер де қатысты. Бірнеше тілде орындалған әндер көрерменнің көңілінен шығып, шапағатқа бөленіп жатты.

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мамандарының болжамы бойынша 4 немесе одан көп баласы бар 346 мың отбасы көпбалалы болуына байланысты мемлекеттік жәрдемақыға үміткер бола алады. Айта кетерлігі, аталған жәрдемақы енгізілгеннен бастап Қазақстандағы көпбалалы отбасылар санының артуына байланысты алушылар саны да артуы мүмкін.

Приозерск қаласының жалпы орта білім беретін қос мектебінде «Бала құқығы-адам құқығы» атты Дүниежүзілік сабақ өткізілді. Елімізде салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндет - бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.