Қала жаңалықтары

2018  жылдың 23 қаңтары күні сағат 16.00 мен 16.45 аралығында облыстық  Білім басқармасы мен әдістемелік орталық мамандарының  ұйымдастыруымен онлайн режимінде облыстық  ата-аналар  жиналысы   өтті.  Жиналыста  алғашқы болып облыстық наркологиялық орталықтық мамандар сөз алды. Бүгінгі  күні  жасөспірімдер арасында  нашақорлықтық белең  алып  тұрғандығы туралы мәселе көтерілді. Кәмелетке  толмағандарды бүгінгі күні белгілі сайттар  арқылы басқарып отырғаны  да  сөз  болды. Сондықтан да ата-аналарға өз балаларына қадағалауды күшейтуді тапсырды.

2019 жылдың 23 қаңтарында Қазақстан Республикасы  Президентімен өткен форумда  ықыласпен тыңдай отыра болашаққа деген көзқарас айқындалады.

Ынтымағы  мен  бірлігі жарасқан еліміз тағы бір жылды артқа тастап, жаңа 2019 жылды қарсы алғалы тұр.  Жағымды жаңалықтар мен толағай табыстарға толы болған мешін  жылына  алғысымыз шексіз.

Приозерск қаласында 2018 жылдың 28 қарашасында Балақай бөбекжайында «Ерте жастағы балалардың дидактикалық ойындарды ұйымдастыру әдістемесі» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылды

2018 жылдың 30 қарашасында Приозерск қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде Елбасымыздың бастамасымен цифрлық технологияны дамытуға бағытталған және  «Нұр Отан» партиясы «Рухани жаңғыру» аясындағы жаңа жобаларды іске асыру шеңберінде  ІТ кабинет ашылды. 

2018 жылдың 12 қыркүйегінде Приозерск қаласында, «Достық» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында балалар мен жасөспірімдердің аутодеструктивтік мінез-құлқына жол бермеу үшін «Сенім» қоғамдық қабылдауы ашылды.

2018 жылдың 8 қыркүйек күні  Отбасылық Тәрбиелеу Институты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың  отбасының бүтіндігі мен отбасылық құндылықтарды жетілдіру саясатын ұстана отырып еліміздің