2018 жылдың 30 қарашасында Приозерск қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде Елбасымыздың бастамасымен цифрлық технологияны дамытуға бағытталған және  «Нұр Отан» партиясы «Рухани жаңғыру» аясындағы жаңа жобаларды іске асыру шеңберінде  ІТ кабинет ашылды. Ашылу салтанатына қала әкімі Камзин Қайрат Амангелдіұлы және «Нұр Отан» партиясының төрағасы Дюсенбаев Дулат Орынбасарович, білім бөлімінің басшысы Касимова Гуля Кенесқызы қатысты.  IT сынып заманауи компьютерлермен, 3D принтермен, жоғары жылдамдықты интернетпен, қажетті веб бағдарламалармен қамтылған. Қазіргі кезде мектеп оқушылары заман талабына сай робототехника, модельдеу, бағдарламалау, ақпараттық және коммуникациялық технология негіздерін меңгере алады, бұл өз кезегінде олардың жеке қабілеттерін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.