Приозерск қаласында 2018 жылдың 28 қарашасында Балақай бөбекжайында «Ерте жастағы балалардың дидактикалық ойындарды ұйымдастыру әдістемесі» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылды. Семинарға білім бөлімінің әдіскерлері мен барлық балабақшалардың әдіскерлері және тәрбиешелер қатысты. Семинар барысында ерте жастағы балаларды дамытудың жаңа әдіс-тәсілдері (шебер - сынып, тренингтер, ойын сабақ т. б) кеңінен қолданылды.