Жастар арасында әскери-патриоттық жұмыстарды жетілдіру, қаламызда әскери-патриоттық клубтар қозғалысын дамыту, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің мәртебесін көтеру және әскери қызметті насихаттау мақсатында, ағымдағы жылдың 13-14 сәуiр аралығында қаламызда "Айбын-2019" қалалық әскери-патриоттық жастар жиынының салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылды! Сайыс барысында әскери спорттық жарыстың 8 түрiнен қаламыздың "Жас зеңбiрекшi" мен "Сағадат" атты әскери-патриоттық клубтары, Ресей Федерациясы Қарулы Күштерiнiң "Орлёнок" әскери клубы, Балқаш қаласының "Қайсар" мен "Ұлан" тобы және Сары-Шаған кентiнiң "Алау" командалары қатысты. Жылдамдық пен ептілік, төзім мен күш сынға түскен республикалық «Айбын» жастар жиынының өскелең ұрпаққа берері мол. Жастарды отансүйгіштікке баулып, халқын, жерін сүюге, аялауға шақыру-осы жиынның басты мақсаты.


Барлық қатысушыларға осы жарыста сәттілік пен рух серіктестігін тіледі.