Приозерск қаласының жалпы орта білім беретін мектептерінде ағымдағы жылдың 25 мамырында соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Жиынға қала әкімі  Камзин Қайрат Амангелдіұлы, қала әкімінің орынбасары Казиева Ботагоз Ануаровна және Приозерск қаласы білім бөлімінің басшысы Касимова Гуля Кенесовна, мектеп директорлары, қалалық мәслихат хатшысы Сарсембеков Бекзат Муксинович қатысты.Мектеп ұстаздары мен бітіруші түлектерді соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, қала әкімі К.Камзин алдағы ҰБТ жақсы тапсыруларына және педагог қауымына жазғы демалысты  жақсы өткізулеріне тілектестік білдіріп, сәттілік тіледі. Мектеп бітіруші түлектер ұстаздарына арнап өлеңдер оқып, қоштасу вальсін биледі.