2019 жылдың 1 маусымында Приозерск қаласының білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының қатысуымен  1маусым балаларды қорғау  күніне арналған шеру орталық алаңда өтті. Шеруге домбырашылар, балалар оркестрі, хореографиялық топтар, хор, жас жол инспекторлар жасағы, спорттық топтар (бокс,волейбол) әншілер,бишілер тобы қатысты. Білім беру мекемелерінен  барлығы  300-ден аса  бала қатысты.


Оның ішінде мектепке дейінгі мекеме балалары, мектеп оқушылары, қосымша білім беру ұйымы «Достық» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының тәрбиеленушілері  ат салысты. Шеруге қала әкімі Қ.А.Камзин, қала әкімінің орынбасары Б. Казиева, білім бөлімінің басшысы Г.Касимова, әдістемелік кабинет әдіскерлері, білім беру ұйымдарының басшылары, қызметкерлері, қосымша білім беру ұйымының қызметкерлері, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері мен медициналық қызметкерлері және жергілікті полиция қызметкерлері  қатысты. Жергілікті полиция бөлімі шеру өтетін алаң көшелеріндегі жол-көлік қозғалысын реттеп, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Сонымен қатар, орталық алаңда қалалық аурухана қызметкерлері тұрғындардың қан қысымын, бой, салмақ  өлшеу бойынша қызмет көрсетті. Қала тұрғындары үшін берілетін әлеуметтік көмек түрлері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі де  өз қызметтерін халыққа ұсынды.

 

Мерекелік шеру орталық алаңда концерттік бағдарламамен  жалғасын тапты. Мерекелік іс-шараны мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушілері, мектеп оқушылары, ата-аналар, қала тұрғындары тамашалады. Мерекелік іс-шара ән, би, күймен ұласып, балалармен түрлі ойындар ұйымдастырылып, қатысушыларға тәттілер мен ойыншықтар таратылды. Балалардың көзінен тек қуаныш пен шаттықты байқадық. Бұл күні балалар сүйіспеншілік пен мейірімділікке бөленді.

 

1 маусым күні жалпы орта білім беретін мектептерде жазғы лагерьлердің ашылу салтанаты өтті. «Приозерск қаласының «№2 ЖОББМ» жазғы мектеп жанындағы «Балдәурен» лагері 2018-2019 оқу жылын аяқтап, 40 оқушымен маусым айының 3-29 аралығында, оқушылардың жазғы демалысында денсаулығын нығайтып, дене тәрбиесін шыңдап, күш жинауға, білімін толықтырып, жаңа әсер алуына ықпал жасалады.

 

Көп балалы және аз қамтылған отбасыларынан шыққан  40 оқушы демалысы жоспарланды.

 

Лагердің ашылуында қала әкімінің меңгерушісі Казиева Ботагөз Ануарқызы  мен  жазғы лагерь басшысы Байгужина Динара Толпыховна оқушыларға сәттілік тілеп, лагерьде көтеріңкі-көңіл күймен демалуларына өз тілектесітігін білдірді. Салтанатты жиын мерекелік концертке ұласып, қызықты ойындар ойнатылды. Балалар лагердің жұмыс күн тәртібімен танысты. Топ  тәрбиешілерімен, лагерь басшысы, мектеп тәлімгерімен, дене тәрбиесі нұсқаушысымен танысты.

 

Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерінің демалушылары  қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды. «Балдәурен» лагерінің демалушыларына мерекелік ас берілді. Оқушылар мерекелік көңіл күймен үйлеріне қайтты.