«Приозерск қаласының «№2 ЖОББМ» жазғы мектеп жанындағы «Балдәурен» лагері 2018-2019 оқу жылын аяқтап, 40 оқушымен маусым айының 3-29 аралығында, оқушылардың жазғы демалысында денсаулығын нығайтып, дене тәрбиесін шыңдап, күш жинауға, білімін толықтырып, жаңа әсер алуына ықпал жасалады.

        

Көп балалы және аз қамтылған отбасыларынан шыққан  40 оқушы демалысы жоспарланды.

          

Лагердің ашылуында қала әкімінің меңгерушісі Казиева Ботагөз Ануарқызы  мен  жазғы лагерь басшысы Байгужина Динара Толпыховна оқушыларға сәттілік тілеп, лагерьде көтеріңкі-көңіл күймен демалуларына өз тілектесітігін білдірді. Салтанатты жиын мерекелік концертке ұласып, қызықты ойындар ойнатылды. Балалар лагердің жұмыс күн тәртібімен танысты. Топ  тәрбиешілерімен, лагерь басшысы, мектеп тәлімгерімен, дене тәрбиесі нұсқаушысымен танысты.

 

Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерінің демалушылары  қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды. «Балдәурен» лагерінің демалушыларына мерекелік ас берілді. Оқушылар мерекелік көңіл күймен үйлеріне қайтты.

 

знакомлены с правилами безопасности. Праздничный обед был дан воспитанникам лагеря "Балдаурен". Ученики вернулись домой с праздничным настроением.