2019  жылдың  12  маусымында   №1 жалпы орта білім беретін  және №2 орта білім беретін мектептерінің   алаңында   2018-2019 оқу  жылының  мектеп  бітіруші  11 сынып түлектерін  шығарып  салу  кеші  өткізілді.

 

Кешке  мектеп  бітіруші  түлектер,  ата-аналары  және  мектеп ұстаздары  қатысты. Қала әкімінің орынбасары Казиева Ботагөз Ануаровна және қалалық  білім  бөлімінің  басшысы  Касимова   Гуля  Кеңесовна   қатысып, мектеп бітірушілерді құттықтады.

                       

Мектеп  директорлары П.Жұмаханова,  К.Алтынбекова   және  мектеп  директорының  оқу  ісі  жөніндегі  орынбасары  Г.Утегенова, Л.Стась   түлектерге  ақ тілектер  айтып, өмірге    жолдама  болар    аттестаттарын  салтанатты  түрде   табыстады. №2 мектебінің түлегі Ақылгереева Айнур Жумахановна жалпы орта білім туралы үздік аттестатымен марапатталса, Алибай Асель Пердебайқызы «Алтын белгі» белгісімен марапатталды.

            

11-сыныптың  сынып  жетекшілері өздерінің  ақ  тілектерін  жеткізсе, ата-аналар  комитеті де  мектеп  бітіруші  оқушыларды құттықтап, түлектерге  сәттілік тіледі.

           

Мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру кеші 11-сынып оқушыларының концерттік бағдарламасына ұласты. Мухамеджанова Даяна, Назар Орынбек, Сиязбек Айсұлу және Шыңғысбай Айзат сынды түлектеріміз мұғалімдерге қимастықпен жыр шумақтарын арнаса, артынша «Қоштасу» вальсі биленді. Сонымен бірге «Мектеп өмірінен» қысқа әзілдер айтылып, кеш соңында Сиязбек Айсұлу мен Шыңғысбай Айзаттың орындауында «Қош бол, мектебім!» әні шырқалып, мектеп бітіруші түлектер әнге қосылды.

       

2018-2019  оқу  жылының   мектеп  бітірушілеріне  арналған   кеш  соңы  "Мектеп  бітірушілер  әнімен"  қорытындыланды. Кеш соңы естелік суреттерге түсумен жалғасты.

 

Мектеп бітіру кешінде оқыс оқиғалар орын алған жоқ.