Приозерск қаласының жалпы орта білім беру мекемелерінің  «Жас зеңбірекші» және «Сағадат» әскери –патриоттық клуб мүшелері  Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығында  «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысуда.

 

9, 10- сыныптан  құралған 30 оқушы  спорттың әскери-қолданбалы түрлері, әскерилендірілген эстафета, «IQazaqstan» зияткерлік ойынына, «Meniń robotym» және«Aibyn daỳysy байқауында, сондай-ақ әскери-далалық тактикалық ойынында бақ сынасатын болады. Ендеше осы сында «Жас зеңбірекші» және «Сағадат» әскери –патриоттық клуб мүшелеріне тек қана сәттілік тілейік.