Ағымдағы жылы халықты цифрлық сауаттылыққа оқыту бойынша жұмыстар жалғасуда. Приозерск қаласы бойынша 1513 адам цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша маусым-тамыз айларында жоспарланған. Облыстық білім басқармасымен бірлесе отырып, Приозерск қаласы бойынша 2 тренер тағайындалды.

Тренерлерді дайындау мақсатында Қарағанды облысының оқу-әдістемелік орталығында ағымдағы жылдың 27-28 мамыр күндері оқыту сабақтары жүргізілді. Приозерск қаласының тұрғындарына цифрлық сауаттылықты арттыру курсы №1 ЖОББМ және №2 ЖОББМ жүргізілуде. Цифрлық сауаттылықты арттыру сабақтары 03 маусымнан 31 тамыз аралығына дейін жүргізіледі. Оқыту сабақтары аптасына 5 күн, сағат 9:00-12:00 дейін және 15:00-18:00 дейін жүргізіледі. 2 тренер күніне 4 топ оқытады. 2019 жылғы 03 маусымнан 17 шілдеге дейін Приозерск қаласы бойынша 670 адам оқытылды.