Ағымдағы жылдың 23 шілдесі күні Приозерск  қаласының гарнизондық офицерлер үйінде әскери қызметкерлермен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты  мектепке дейінгі балалар ұйымдарына 7 жасқа дейінгі балаларды сыртқы портал арқылы кезекке қою және жолдама алу тәртібін түсіндіру.

Білім бөлімінің маманы әскерилердің жеңілдіктерін қалай тіркеу керектігі жөнінде түсіндіріп, сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында әскерилерге 50 дана брошюра таратылды.