2019 жылдың 26 тамызында «Достық» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында «Келешекке -  кемел біліммен» тақырыбында тамыз кеңесі өтті. Тамыз кеңесіне қала әкімі Қамзин Қайрат Амангелдіұлы, қалалық мәслихат хатшысы Сәрсенбеков Бекзат Мухсинович, қалалық білім бөлімінің басшысы Қасымова Гуля Кенесовна, білім бөлімінің әдіскерлері,  ұстаздар қауымы мен ата-аналар қатысты.

 

Қала әкімінің ұстаздар қауымын құттықтау сөзінен кейін  білім бөлімінің басшысы Г. Қасымова 2019-2020 оқу жылында енетін өзгерістер мен 2018-2019 оқу жылындағы жетістіктерге тоқталды.

 

Былтырғы оқу жылында жаңа сапалы білім беруге ауысудағы маңызды қадам облыстың барлық мектептерінде «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» тәжірибесін тарату болған. Осыған орай, республикада алғашқылардың бірі болып 2018 жылы Қарағанды облысы әкімдігі мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. 

 

Білім беру жүйесінің шеңберін ұлғайту мақсатында және НЗМ тәжірибесін одан әрі насихаттау ниетінде 2019 жылғы мамыр айының 23-24 күндері Балқаш қаласында «Ұлы дала мұрагерлері» форумы өткізілді. Бұл іс-шара Балқаш, Приозерск қалалары, Шет, Ақтоғай аудандарының білім ардагерлерінің, педагогтері мен оқушыларының және қала тұрғындарының басын қосты. Форумда шеберлік сыныптары, шеберлер қаласы, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің  «100 күй», «100 ән», «2 апта ауылда», «Ата-ана кәсіпорнында 10 күн», «Қобыланды батыр»  жырын жатқа айту, «100 кітап» желісінде әдеби салон, т.б. жобаларына қаламыздың мектеп оқушылары мен мұғалімдері қатысып, өз шеберліктері мен өнерлерін көрсеткен болатын. Тамыз кеңесінде осы форумда көрсетілген бірнеше жобаларды ата-аналар мен ұстаздар және қонақтардың назарларына ұсынылды.

 

{gallery}news/9{gallery}