Ағымдағы жылдың 04 қазанында «Достық» балалармен жасөспірімдер шығармалық орталығында мұғалімдер күніне арналған «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік жиыны өтті.

Салтанатты жиынға қала әкімі Қ.Камзин, «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасы Дуйсембаев Дулат Орынбасарович, қалалық маслихаттың депутаты  Балтышев Ерік  Таткенұлы, білім бөлімінің басшысы Касимова Гуля Кенесовна, білім бөлімінің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының басшылары, ұстаздар және ата-аналар   қатысты.

Ұстаздарды  төл мерекелерімен  қала әкімі Қ.Камзин, «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасы Дуйсембаев Дулат Орынбасарович, қалалық маслихатының депутаты  Балтышев Ерік  Таткенұлы, білім бөлімінің басшысы Касимова Гуля Кенесовна құттықтап, білім беру саласында жеткен жетістіктері үшін ұстаздарды Құрмет және Алғыс хаттарымен марапаттады.

Сонымен қатар ұстаздар қауымының еңбегін бағалау, ынталандыру мақсатында қала әкімінің сыйақысы байқауы жарияланған болатын. Атаулы байқауда қала әкімінің 5 номинациясы бойынша  « Кәсібіне адалдығы үшін» 150000 мың тг, «Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің үздік педагогы», «Қосымша білім беру мекемесінің үздік педагогы», «Үздік бастауыш сынып мұғалімі», «Үздік пән педагогы», номинациялары  бойынша 100000 мың тенгеден сертификаттары және Білім бөлімінің  арнайы «Мейірім шуағы» номинациясы бойынша   100000  мың тенгенің сертификаты  табысталды.

Мерекелік кеш концерттік бағдарламаларға ұласты.

 

  

.