Байқау қарқынды еркін тақырыпта үш тілде жүргізілді.Біздің әнші балалапандарымыз халық алдында «Жастар сарайының» үлкен сахнасында өз өнерлерін ортаға салды. Бұл сайысқа қызу дайындықпен келген, әр облыстың өнерпаздарымен бірге, шет елден келген талапкерлер де қатысты. Бірнеше тілде орындалған әндер көрерменнің көңілінен шығып, шапағатқа бөленіп жатты.

Музыка мектептері мен музыкалық студиялардан келген өнерпаздармен бірге сайысқа түскен, біздің  «Айналайын» бөбекжайының,«Әнші балапан» үйірмесінің әншілері де өз өнерлерін көрсетіп жүлделі орындарға ие болды.  Қалқаман Саян орындаған «Тәуелсіз елдің ұраны», Каттабек Айкөркем орындаған «Анашым қартаймашы»  және Сатыбалды Аделя орындаған «Аяулы анашым» әндері, көрермендердің көңілін селт еткізіп, бір көтеріп тастады. Каттабек Айкөркем мен Сатыбалды Аделя 2 дәрежелі лауреат атағын алса, Қалқаман Саян 3 дәрежелі лауреат атағын алып халық алдында қуанышқа бөленді. Музыка жетекшісі Сулейменов Марс ағайдан алған білімдерін, өнерлерін үлкен сахнада  көрсетіп, жүлделі орындармен оралып жақсы  нәтижесін көрсеткен, өнерпаздарымыз осындай биіктерден көрініп, болашағы жарқын болсын демекшіміз!