2020 жылдың 10 ақпанында Приозерск қаласының  «Достық» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық  орталығында  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында робототехника бойынша «ROBOLEND-2020» қалалық жарысы өтті.

Жарысқа жалпы орта білім беретін және   мектепке дейінгі ұйымдардан  25 бала  қатысты. «Робогеометрия» (10-13 жас), «СумоGrand» (11-13 жас) және шығармашылық категория «Робототехника в образовании будущего» (4-9 жас) бойынша жарысып, «Робогеометрия» (10-13 жас) бойынша №2 жалпы орта мектебінің командасы «Прио2», «СумоGrand» (11-13 жас) №1 жалпы орта білім беретін мектебінің «Tesla» командасы, мектепке дейінгі ұйымдар арасында шығармашылық категория «Робототехника в образовании будущего» (4-9 жас) бойынша «Еркетай» шағын орталығының «Little mouse» командасы І орынды жеңіп алды. Жеңімпаз командалар 2020жылғы 27-28 наурызда Қарағанды қаласында өткізілетін «ROBOLEND-2020» халықаралық фестивалінде Приозерск қаласының намысын қорғайды.