2018 жылдың 31 мамырында Білім беру мекемелерінің жанында орналасқан лагерлерде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын, қауіпсіздігін және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жұмыс тобының  отырысы болып өтті. Жұмыс тобының құрамына мектеп жанындағы лагерьлердің директорлары, Приозерск қаласының ТЖБ-нің, Приозерск қаласының ІІБ, Приозерск қалалық ҚДСБ және Приозерск қаласының білім бөлімінің өкілдері кіреді. Аталған отырыста балалардың судағы қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, қала сыртындағы лагерьлерге балаларды тасымалдау қауіпсіздігі бойынша сұрақтар қарастырылды.