Приозерск қаласы  әкімдігінің

2015 жылғы «__» _____

№ ___қаулысымен бекітілген

 

«Приозерск  қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

 

Е Р Е Ж Е С І

 

 

Приозерск қаласы 2015 жыл

 

 

І. Жалпы ережелер

 

«Приозерск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (одан әрі – Бөлім) білім саласы бойынша біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізудегі үйлестіру және бақылау функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті жергілікті атқарушы орган болып табылады.

1) «Приозерск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Приозерск қаласының № 1 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

2) «Приозерск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Приозерск қаласының № 2 мектеп – балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

3) «Приозерск қаласының әкімдігі Приозерск қаласының білім бөлімінің, «Достық» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.

4) Приозерск қаласының әкімдігі Приозерск қаласының білім бөлімінің «Айналайын» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

5) Приозерск қаласының әкімдігі Приозерск қаласының білім бөлімінің «Балбөбек»   бөбекжай-бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.

6) Приозерск қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт   бөлімінің «Балақай» бөбекжай коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны».

  1. Бөлім өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, басқа да құқықтық нормативтік актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері,  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  3. Бөлім  азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  4. Бөлім  егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  5. Бөлім  өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерді  қабылдайды.
  6. Бөлім аппаратының, әдістемелік кабинеті  және  орталықтандырылған бухгалтериясының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  7.  Бөлімнің  заңды мекен-жайы: 101100, Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Достық көшесі, 23 үй.
  8.  Мемлекеттік органның толық атауы – мемлекеттк тілде «Приозерск қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде – государственное учреждение «Отдел образования города Приозерск».
  9.  Осы Ереже «Приозерск қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  10.  Бөлімнің  қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (шығындар сметалары) жүзеге асырылады.
  11.  Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

ІІ. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

Бөлімнің  миссиясы:

 

- Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптеріне сәйкес, баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігін, әрбір баланың зияткерлік дамуын, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып,  балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудан жалпы орта білім беру  деңгейіндегі білімге қолжетімділігін, білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық және ұлттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдылығын, оқытудың, тәрбие мен дамудың бірлігін қамтамасыз ету.

 

Міндеттері:

1)                білім беру саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу, азаматтардың білім алуға конституциялық құқығының іске асырылуын қамтамасыз ету;

2)                білім беру саласы бойынша заңдарды және мемлекеттік жалпы  білім беру стандарттарын сақтау;

3)          білім ұйымдарын басқару тиімділігін арттыру;          

 4)     білім беру мекемелері жүйесін олардың ведомствалық тиесілігіне қарамастан  тұрақты дамыту;

5)                ведомствалық   ұйымдардың  және   лауазымды   тұлғалардың     Бөлім   құзыретіне  жататын  мәселелер   бойынша Қазақстан    Республикасы   Президентінің,   Қазақстан   Республикасы  Үкіметінің, облыс   және  қала   әкімдерінің     актілері  мен   тапсырмаларының  орындалуын   қадағалау;

          6)  Қазақстан  Республикасының білім беру,  дене шынықтыру  және  спорт  жөніндегі заңнамаларын   насихаттау   және    түсіндіру бойынша      бағдарламаларды жасау   және    іске  асыру  жұмыстарын   үйлестіру.

         

16Функциялар:

аппаратының функциялары:

1)                меншік нысандары мен ведомствалық бағыныстылығына қарамастан, жергілікті бағыныстағы білім беру ұйымдарына оқу тәрбие үдерісі мазмұнының мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары талаптарына сәйкес келуін өз құзыреті шегінде ұйымдастырады және кезеңдік бақылау жасау;

2)                өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің, облыс, қала әкімдерінің шешімдері, өкімдері мен тапсырмаларының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету;

3)                мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың есебін жүргізу, олардың орта білім алғанға дейінгі оқуын ұйымдастыру;

4)                ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға қамқоршылық және қорғаншылық жасауды ұйымдастыру;

5)                мектепке дейінгі, жалпы орта және қосымша білім беру мәселелері бойынша жоғары тұрған органдарға статистикалық есеп беру;

6)                Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен  ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын тағайындау және босату;

7)                жоғарғы тұрған мекемелердің бағдарламаларына сәйкес білім беру мәселелері бойынша келешекті, ағымды, мақсатты бағдарламаларды  дайындау және жүзеге асыру;

8)                Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қала әкімінің шешімдерін, өкімдерін дайындауға қатысу;

9)                білім беру мекемелерінің жұмысын олардың ведомствалық тиесілігіне қарамастан  үйлестіру;

10)           Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қала әкімдігі отырыстарының материалдарын дайындауға қатысу;

11)           ведомствалық тиесілігіне қарамастан  білім беру мекемелері жүйесінің дамуын үйлестіреді, олардың материалдық-техникалық базасын құруға және нығайтуға ықпал ету;

12)           педагог қызметкерлерге  бірінші біліктілік санатын беру және растау;

13)    Қазақстан      Республикасының       заңнамаларымен    көзделген басқа да функцияларды   жүзеге асыру;

14) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;

15) мемлекеттік көрсетілген қызметтер сапасына мониторинг жүргізу және бағалау;

16) бөлімнің құзыретіне кіретін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылауды жүргізу;

17) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша өзге де функцияларды жүзеге асыру;      

18) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына қолжетімділікті қамтамасыз ету;

19) мемлекеттік көрсетілетін қызмет тұтынушылардың өтініштері мен шағымдарын қарастыру.

 

Бөлімнің  әдістемелік кабинетінің функциялары:

         1)  жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының қалалық кезенің ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету;

2) білім беру  ұйымдарына және ата-аналарға қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;

3) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз ету;

4) білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылық жасау;

5) әдістемелік жұмыстың жағдайын талдау, оның тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

6) қала педагогтарымен әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, курсаралық кезеңдегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін зерделеу;

7) білім беру ұйымдарының тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының нәтижелерін, педагогтардың, басшылардың жұмыс тәжірибелерін қорытындылауды, талдауды және таратуды ұйымдастыру;

8) оқу процесіне инновациялық технологияларды енгізу, білім беру ұйымдары мен педагогтардың инновациялық және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының нәтижелерін талдау және қорытындылау;

9) оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастыру, семинарларды, озық тәжірибелі мектептердің жиналыстарын, конкурстарын, педагог қызметкерлердің олимпиадаларын өткізу;

10) оқушылардың конкурстарын, көрмелерін, олимпиадаларын,  слеттерін, жарыстарын өткізуге қажетті құжаттарды әзірлеу және ұйымдастыру;

11) педагог қызметкерлердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру;

12) мамандығы бойынша педагогтардың біліктілігін арттыруды болжау және жоспарлау;

13) білім беру ұйымдарының  аудиовизуалдық интерактивтік оқу құралдарының қажеттілігін және қолданыстағы педагогикалық деректер банкінің жай-күйін талдау.

 

 

1) мемлекеттік сатып алулардың тапсырыс берушісі және ұйымдастырушысы болып табылады, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру;

2) ведомствалық бағынысты мемлекеттік мекемелері үшін мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушы қызметінде бой көрсету;

3) ведомствалық бағыныстағы мектептердің  бухгалтерлік есебін жүргізу;

4) ведомствалық бағыныстағы ұйымдардың және бөлімнің қаржы-экономикалық қызметін ұйымдастыру, жүргізу және бақылау;

5) ақшалай қаражаттың, тауар-материалдық құндылықтардың және негізгі құралдардың (мемлекеттік сатып алу процессінде түсімдерді қоса алғанда) түсімдерін және олардын шығыстарын есепке алуды қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қозғалыстарына байланысты операцияларды бухгалтерлік есепте уақытылы көрсету;

6) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болып табылады;

7) мемлекеттік мекеменің стратегиялық және  операциялық жоспарын құру;

8) бюджеттік қаражатты жоспарлау мен игеруді жүргізу;

9) бөлімнің және ведомстволық бағынысты мектептердің ұсталуына бюджеттік тапсырысты жасау;

10) бюджеттік мониторингті, қаржы-шаруашылық қызметтің сараптамасын және мониторингін  жүргізу;

11) қаржылық есептерді: салықтық, статистикалық, жылдық, кварталдық және айлық жүргізу.

1)    жеке тұлғаның ойлау, шығармашылық, рухани және тән дамуы

мүмкіндіктерін жетілдіруді, адамгершілік негіздерін берік және салауатты өмір салтын қалыптастыруды іске асыру;

2)                ұлттық және қоғамдық құндылықтыр негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға және жетілдіруге,  ғылым мен тәжірибеге қол жеткізуге бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайларды жасау;

3)    білім берудің барлық деңгейіндегі оқу-тәрбие процесінің

сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру бағдарламаларының келісіміне қол жеткізуге жағдай жасау;

4)                әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне бейімдейді, тарихты, қазақ және Қазақстан Республикасының басқа да халықтарының салт – дәстүрлерін үйрету, мемлекеттік, орыс, шет тілдерін оқыту;

5)    өз Отаны – Қазақстан Республикасын сүюге, азаматтық пен

патриотизмге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, ұлттық салт-дәстүрді сақтауға тәрбиелеу;

6)                 оқыту және тәрбие жүйесінің моделін тиімді дамыту жағдайларын жүзеге асыру;

7)    балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға жауап беру;

8)    негізігі және қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын жүзеге

асыру.

 

Құқықтары мен міндеттері:

1)                белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдардан және лауазымдық тұлғалардан, сондай-ақ басқа да ұйымдардан және азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті мәліметтер сұрауға;

2)                басшылардың келісімі бойынша мемлекеттік органдар және  басқа да ұйымдар қызметкерлерін  Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелерді шешуге қатыстыруға;

3)         тиісті ұсыныстарды жасау үшін уақытша жұмыс тобын құруға;

4)               мемлекеттік органның қызметін жетілдіру бойынша қала әкіміне ұсыныс жасауға;

5)                тиісті мемлекеттік органдардың лауазымдық тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсетуге;

6) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жиналыстар шақыруға.

 

 

ІІІ. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

 

  1. Бөлімнің  басшылығы қала әкімімен  жүктелген міндеттері мен  функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болып табылатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.
  2.  Бөлімнің  бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды

және қызметтен босатады.

  1. Бөлімнің  бірінші басшысының өкілеттігі:

1) Бөлімнің жұмысын басқарады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауап береді;

         2) Бөлімнің құрылымын әзірлеп қала әкіміне бекітуге ұсынады, Бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін бөліп береді;

         3) Заңдарда белгіленген тәртіп бойынша Бөлім қызметкерлерін, ведомствалық  бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

4) мемлекеттік мекемелерде және басқа да ұйымдарда Бөлімнің өкілі бола алады;

         5) заңдарда белгіленген тәртіп бойынша Бөлімнің қызметкерлеріне және ведомствалық ұйымдардың, мекемелердің, бірлестіктердің және кәсіпорындардың басшыларына марапаттау немесе тәртіптік жазалау шараларын қолданады;

         6) қала әкімдігі жанында құрылатын комиссиялардың жұмысына қатысады;

         7) бөлім құзыретіне тиісті мәселелер бойынша әкім аппаратының тұрақты комиссияларының жұмыс материалдарын дайындайды;

         8) өз құзыретіне тиісті мәселелер бойынша қала әкіміне немесе әкімнің орынбасарларына ұсыныстар жасайды;

9) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, тапсырмалар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

         10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіліктерді атқарады.

  1. бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

 

ІV. Мемлекеттік органның мүлкі

 

 

 Бөлімнің  заңнамада көзделген жағдайларда жедел құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

         Бөлімнің  мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз  қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

Бөлімге  бекітілген мүлік қалалық/коммуналдық меншікке жатады.

 Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

қарамағындағы ұйымдар мен оның ведомстваларының тізбесі: 

1) «Приозерск қаласының білім  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Приозерск қаласының № 1 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

2) «Приозерск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Приозерск қаласының № 2 мектеп –    балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

3) «Приозерск қаласының әкімдігі Приозерск қаласының білім бөлімінің «Өнер және спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.

4) Приозерск қаласының әкімдігі Приозерск қаласының білім бөлімінің «Айналайын» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.

5) Приозерск қаласының әкімдігі Приозерск қаласының білім бөлімінің «Балбөбек»   бөбекжай-бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.

6)    «Приозерск қаласының білім бөлімінің «Балақай» бөбекжай коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны ».

 

 

 

«Приозерск қаласының білім

бөлімі» ММ басшысы                                                        Г.Қасымова