«Приозерск қаласының білім бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің жұмыс  регламенті

 

  1. Жалпы ереже

 

         1.1. «Приозерск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі Бөлім) қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен, Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесімен, Қазақстан Республикасының басқа нормативтік-құқықтық актілерімен және осы Регламенттпен реттеледі.

         1.2. Бөлім басшысы – қала аумағында білім беру ұйымының қызметімен келісілген мемлекеттік саясаттың жүргізілуін қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттігі берілген және Приозерск қаласы аумағында әлеуметтік және экономикалық білім беру, орта, жалпы, мектепке дейінгі, мектептен тыс және бастауыш кәсіби білім беру жағдайына жауап береді.

         1.3. Бөлім аппаратының мамандары, қалалық әдістемелік кабинет әдіскерлері, бухгалтерия қызметкерлері, штаттан тыс жұмысшылар Бөлім басшысы бекіткен міндеттердің бөлінуіне сәйкес жұмыс істейді. Басшы болмаған жағдайда немесе өз қызметін атқаруға мүмкіндігі болмаса, оның өкілеттігін Бөлімнің сектор меңгерушісі жүзеге асырады.

         1.4. Ақпараттық-сараптамалық, ұйымдастыру-құқықтық қызметті Бөлімнің аппараты қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие беру үрдісін қамтамасыз ету бойынша ақпараттық-сараптамалық қызметті, әдістемелік жұмысты аудандық әдістемелік кабинет бөлімше басшысының (әдістемелік кабинет меңгерушісі) басқаруымен жүзеге асырады.           1.5. Іс қағаздарын ұйымдастыру және жүргізу, Бөлім басшысына жіберілген құжаттарды, оның ішінде түрлі байланыс көздерінен түскен хабарламаларды қабылдау, өңдеу және бөлу, басшының жеке қабылдауына жазылуды қабылдау хатшысымен осы Регламентте қаралған тәртіпте жүзеге асырылады.          1.6. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс қағаздарын ұйымдастыру және жүргізу, «Айқын» автоматтандырылған ақпараттық жүйе бағдарламасы бойынша өтініштерді тіркеуді бас маман жүзеге асырады.

         1.7. Соттарда Бөлімнің атынан сөйлеуді және мүдделерін қорғауды басшы немесе оның тапсырмасымен білім бөлімінің басқа маманы жүзеге асырады.

         2.1. Бөлімде іс қағаздарын жүргізу Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңына, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттандыру және құжаттандыруды басқару Типтік ережелеріне және өзге нұсқаулық-нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.          2.2. Орындауды талап ететін қызметтік құжаттарда Бөлім басшысының нақты орындалу мерзімі мен орындаушылар көрсетілген бұрыштамасы болуы тиіс.

         2.3. Бұрыштамаға сәйкес, құжатты орындаушыға жіберу Бөлімнің референтімен құжатайналымы арқылы жүзеге асырылады. 

         2.4. Құжаттың сақталуына жауапкершілік бұрыштамада көрсетілген жауапты адамға жүктеледі.

         2.5. Қызметтік құжаттар орындалғаннан кейін Бөлім басшысының бақылауынан алынады. Құжаттардың орындалу мерзімін бақылауды Бөлімнің референты жүзеге асырады.

         2.6. Жоғары органдарға жіберілген қызметтік құжаттарға Бөлім басшысы, ол болмаса, Бөлімнің сектор меңгерушісі қол қояды.

         2.7. Бөлімінің барлық құжаттарын жіберуді Бөлімнің референты жүзеге асырады. Барлық шығыс құжаттар шығыс құжаттар журналына тіркелген күні және құжатайналымы арқылы жіберіледі, шұғыл құжат жедел түрде жіберіледі.

         2.8. Барлық орындаушылар құжаттардың өз уақытында және сапалы орындалуына жауап береді.

         2.9. Бұйрықтар мен шығыс құжаттарды фирмалық бланкілерге басып, шығаруды өз құзыреттерін шегінде Бөлім қызметшілері жүзеге асырады, бұйрықтарды, кіріс және шығыс құжаттарды тіркеу Бөлімнің референты жүзеге асырады.

         3.1. Білім бөлімінің аппараты және әдістемелік кабинет өз жұмысын, негізгі іс-шаралардың жылдық және тоқсандық жоспары бойынша және білім бөлімінің кеңестерінде және білім беру ұйымдарының басшыларының жиналыстарында қаралған мәсселелердің жылдық тізімі бойынша құрады.          3.2. Жоспарларды Бөлім басшысы бекітеді.

         3.3. Жоспарлардың жобалары мынадай тәртіппен дайындалады:

         1) мамандар мен әдіскерлер ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін Білім бөлімінің сектор меңгерушісіне өз ұсыныстарын жазбаша түрде береді;

         2) жылдық жоспарланған жұмыстың ақпарын сектор меңгерушісі әдістемелік кабинет меңгерушісімен дайындайды;

         3) жоспарлардың жобалары Бөлім басшысына бекітуге беріледі.          3.4. Жұмыс жоспарының орындалуын сектор меңгерушісі бақылайды.         

         4.1. Бөлімінің отырыстары жұмыс жоспарына сәйкес қызметшілерімен апта сайын және білім беру ұйымдары басшыларымен тоқсанына бір рет жүргізіледі. 

         4.2. Бөлімінің отырысына дайындықты сектор меңгерушісі және күн тәртібіндегі сұрақтарға жауап беретін қызметшілер жүзеге асырады.

         4.3. Бөлімінің кеңесінің күн тәртібінің жобасы отырысқа дейін үш күннен кеш қалдырмай дайындалады және Бөлім басшысына ұсынылады.          4.4. Бөлім басшысының тапсырмасымен отырыс шұғыл тәртіппен өткізілетін болса, күн тәртібін отырысқа дейін бір күн бұрын дайындауға болады.          4.5. Қаралатын мәселелер бойынша шешімдер жобасы Бөлім басшысына, отырысқа дейін үш күн бұрын беріледі.

         4.6. Бөлім отырысынан кейін барлық шешімдерге Бөлім басшысы бұрыштама соғады және отырыс хатшысына хаттама үшін беріледі. Отырыс хаттамалары Бөлімде сақталады. Сақталу мерзімі өткенен кейін олар мұрағатқа тапсырылады.

 

  1. рәсімдеу, көбейту және жіберу тәртібі

 

         5.1. Бөлім басшысы өз құзіреттілігінің шегінде шешім қабылдап, бұйрықтарға қол қояды.

         5.2. Бөлім басшысына әкелінген бұйрық жобалары түзетілген, мемлекеттік тілде, қажетті жағдайда екі тілде басылған болуы керек.

         5.3. Бұйрықтарды уақытында шығаруға және мекен-жай бойынша жіберуге Бөлімнің референты жауап береді.

         5.4. Бөлім басшысы қол қойған құжаттың түпнұсқасын  Бөлімнің референты сәйкес бұйрық папкасына тігеді. Түпнұсқаға қол қойылғаннан кейін түзетулер енгізуге болмайды.

         5.5. Техникалық қателіктерге байланысты бұрын жіберілген шешімдерді немесе бұйрықтарды ауыстыру, тек Бөлім басшысының рұқсатымен жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда алғашқы жіберілген құжаттар қайтарылып алынады.

 

және тексеруді ұйымдастыру тәртібі

 

         6.1. Кіріс құжаттарды бақылауды және тексеруді ұйымдастыру тәртібі:          1) Президенттің және үкіметтің актілері, Премьер-министрдің өкімдері, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасының Премьер –министрінің, Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің тапсырмаларымен құжаттар, Облыс әкімі және оның орынбасарлары, қала әкімі және оның орынбасарларының білім бөлімдеріне нақты тапсырмалары жазылған құжаттар бақылауға алынады;

         2) орындалуы бойынша нақты шара қабылдауды талап ететін құжат, референтпен бақылауға қойылады;

         3) тапсырманы бірнеше адам орындаса, тегі бірінші тұрған адам жауапты болып табылады;

         4) бақылауға қойылған жоғары тұрған ұйымдардың және ведомстволық құрылымдардың құжаттары, құжаттың өзінде көрсетілген мерзімде орындалады;

         5) тапсырманың орындалу мерзімі көрсетілмесе, ол құжатқа қол қойылған немесе бөлімде тіркелген күннен бастап бір ай ішінде орындалуы керек;          6) құжатты белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаса, бақылауға жауапты мамандар, әдіскерлер, бухгалтерлер, экономистер 3 күн бұрын Бөлім басшысына орындалу мерзімін ұзарту туралы өтініш жасауы тиіс;

         7) Бақылау құжаттарының белгіленген орындалу мерзімін бұзу немесе оларды сапасыз орындау тәртіп бұзушылық болып табылады.

         8) Айыпты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

         7.1. Аппарат, әдістемелік кабинет, біріктірілген бухгалтерия кадрлары  және штаттан тыс қызметшілермен жұмысты кадр жұмысы жөніндегі маман қамтамасыз етеді:

         1) Бөлім басшысы тағайындаған аппараттың қызметкерлерінің лауазым санаттарының есебін жүргізеді;

         2) Бөлім қызметшілерінің жеке істерін дайындайды, олардың қызметтік жазбасына қажетті жазуларды енгізеді, еңбе кітапшаларын толтыруды қамтамасыз етеді;

         3) Бөлім қызметшілерін сәйкес қызметтеріне қабылдау және қызметтен босату бойынша бұйрық жобаларын дайындайды;

         4) Азаматтық қызметшілердің бос лауазымына тұруға конкурс жариялауды қамтамасыз етеді;

                  

  1. Бөлім басшысының жеке тұлғаларды және заңды

тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастыру

 

         8.1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес Бөлімнің бас маманы қамтамасыз етеді.

         8.2. Бөлімге түскен өтініштерді «Айқын» автоматтандырылған ақпараттық жүйе бағдарламасы арқылы бас маман сол күні тіркейді және Бөлім басшысының қарауына беріледі.

         8.3. Өтініштерді орындау туралы нұсқау Бөлім басшысының бұрыштамасымен беріледі.

         8.4. Өтініштердің жауаптарына Бөлім басшысы қол қояды.

         8.5. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауды Бөлім басшысы апта сайын сейсенбі күні сағат 16.00-ден 18.00 дейін екі тілде жүзеге асырады.

         8.6. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауға жазуды Бөлімнің референты жүзеге асырады.

 

 

  1. Білім беру ұйымдарының қызметкерлерін шақыру

 

         9.1. Білім беру ұйымдарының басшылары шақырылған семинарлар, жиналыстар және басқа іс-шаралар Бөлім басшысының келісімімен өткізіледі.

         9.2. Білім беру ұйымдарының басшыларын Бөлімге шақыру Бөлім басшысының рұқсатымен жүзеге асырылады.

         9.3.  Білім беру ұйымдарының басшыларының қаладан тыс жаққа шығуы Бөлім басшысының келісімімен жүзеге асырылады. Аппарат және әдістемелік кабинет қызметкерлерінің іссапарларының мақсаттылығын Бөлім басшысы анықтайды.

         10.1. Бөлімде жұмыс күні сағат 9-00-де басталады және 18-30-ға дейін жалғасады, түскі үзіліс 13-00 ден 14-30 дейін. Аппараттың жауапты және техникалық қызметкерлеріне нормадан  тыс жұмыс күні белгіленген.           10.2.  Бөлімде негізгі іс-шараларды ұйымдастыру жұмыс жоспарына  сәйкес өткізіледі.