Мектепке дейінгі жастағы 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 91,5 % құрайды, 2016 жылы бұл көрсеткіш  91 % көрсетті.

 

2017 жылы  жергілікті бюджеттен  қала мектептеріне 210 компьютер сатып алынды. Мектептерде бір компьютерге 7,1 оқушыдан 5 оқушыға айзайды.

 

№2 орта мектепке 1995,0 мың теңгеге робототехника, екі мектепке 782,0 мың теңгеге ПИК (проектор- интернет- компьютер) сатып алынды.

 

Ағымдағы оқу жылында 1,2,5 және 7 сыныпқа оқулықтар жеткізілді  (26050,0 мың теңге). 

 

2017 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша орташа 70,59 көрсеткішті құрайды. 2016 жылы -81,9. Мектеп түлектері арасында 2 түлек грант иегері атанды.  

 

2017 жылы жаз айында мектеп оқушыларына жазғы демалыс және жұмыспен қамту ұйымдастырылды. Мектептерде тамақпен қамтылған 2 лагерь жұмыс істеді.  Барлық балаға жергілікті бюджеттен  2700,5 мың теңге қаражат көлемі жұмсалды. Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында «Болашақ» атты Сайрам балалар сауықтыру лагеріне» 2017 жылдың  маусым-шілде аралығында барлығы  55  бала демалды.  Барлық балаға 2199,98 мың теңге қаражат жалпы оқумен қамту қорынан жұмсалды. Бектауатада орналасқан «Факел» балалар-сауықтыру лагеріне  10 күнге 56 бала демалып қайтты. Сонымен қатар аз қамтылған және көп балалы отбаснынан шыққан, қамқоршылықтағы  46 бала  Астана қаласына «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысты. Орта мектеп үздіктері, қалалық, облыстық, республикалық байқаулардың  жеңімпаздары барлығы 100  оқушы аталған көрмені тамашалап қайтты.

 

2017 жылдың облыстық "CLEVER" олимпиадада №1орта мектептің оқушылары: қазақ тілінен 3 дәрежелі дипломмен –Серікбай Дулат, I дәрежелі дипломмен қазақ тілінен Тыныс Болат, Алимджанова Аяжан,  I дәрежелі дипломмен орыс тілінен – Шуиншинова Дильназ марапатталды. №2 орта  мектебінің қазақ тілінен III орынды 5 сынып оқушысы Қалмен Томирис, 2 орынды 4 сынып оқушылары Школяр Роман, Сайлыбай Ботакоз ие болды. Жалпы білім пәндерден Рахат Ақсұлу құқықтану бойынша 2 орынға ие болды. «ЭКСПО 2017» байқауында Ибодулла Гүлім 1 дәрежелі дипломға ие болды. Республикалық «Дарын-2017» байқауында Мұхтарият Дильназ 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жоба қорғаудан (экономика), (орыс тілі және әдебиет) 3 орынға Нұрлан Аяулым және Қайыргелді Лаура ие болды.  Облыстық «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы» эссе байқауында Амандық Сандуғаш 2 орынды иеленді. 2017 жылдың қараша айында 8-10 сынып оқушылары арасында ҚР Тәуелсіздік Күніне, ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған облыстық пікірсайыс турнирі өтті. №1 жалпы орта білім беретін мектептің "Фемида" командасы сертификатпен марапатталды.

 

2017 жылы   жергілікті бюджеттен бөлінген  75908,7 мың теңгеге білім беру ұйымдарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы 3 негізгі «Өлкетану»; «Саналы Азамат»; «Отаным - тағдырым» бағыттары бойынша жүзеге асырылады. Білім беру ұйымдарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттары бойынша тәрбие сағаттары, кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен көрмелер және қаламыздың құрметті азаматтарымен кездесулер өтті. 2018 жылы  «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығында «Саналы азамат» бағыты бойынша қоғамдық қабылдауға , «Өлкетану» бағыты бойынша тарихи-мәдени құндылықтары бар жерлерге оқушыларға саяхатқа шығуға жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді.