«Отбасы және балалар саласында

көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

стандарттарын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы 13 сәуірдегі №198

бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының                   1-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде                        11184 тіркелген, 2015 жылғы 18 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық актілер жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1)       осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген бұйрықпен бекітілген ««Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда жазылсын;

2)        осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда жазылсын.

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;

3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

Қазақстан Республикасының

  Білім және ғылым министрі                                              Е. Сағадиев

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

20     жылғы «___» _______________

___________________ Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

20    жылғы «___» _______________

___________________ Е. Досаев

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2016 жылғы «24» наурыз

№ 210 бұйрығына

1-қосымша

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығына

9 - қосымша

«Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

  1. Жалпы ережелер

  1. «Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1)       көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап және портал арқылы өтініш берген кезде – бес жұмыс күн;

2)       көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минут;

3)       көрсетілетін қызметті берушідегі қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау туралы шешім.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі үшін қағаз жеткізгіште өтініш берген жағдайда электронды нысанда ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен және мөрімен расталады.басып шығарылады және уәкілетті тұлғасының қолымен және мөрімен расталады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және сақталады.

  1. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
  2. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден бастап жұма аралығын қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

2) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).

  1. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1)        осы мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2)       көрсетілетін қызметті алушының жеке басын кәуландыратын құжаттың көшірмесі;

3)       баланың (балалардың) білім беру ұйымында оқуы туралы анықтама;

4)       баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру туралы шарттың көшірмесі.

Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада ұсынылады, кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мынадай мәліметтерді көрсетіп, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді:

1)       сұраныстың нөмірі мен қабылданған күні;

2)       сұралатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;

3)       қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

4)       құжаттар берілетін күні (уақыты) және орны;

5)       құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған көрсетілетін қызметті берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда);

6)       көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) және оның байланыс телефондары.

Порталда көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1)       көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұранысы;

2)       баланың (балалардың) білім беру ұйымында оқуы туралы анықтаманың электрондық көшірмесі.

3) баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру туралы шарттың электрондық көшірмесі.

Жеке басын растайтын құжаттар туралы мәліметтерді, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есебі бойынша адамның, сондай-ақ жұбайының (зайыбының) қылмыс жасағаны туралы мәліметтің бар немесе жоқтығы туралы анықтамаларды көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілген қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйедегі мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.

Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сұранысын қабылдау туралы, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні және уақыты көрсетілген хабарлама мәртебесі жіберіледі.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағындакөрсетілген мекенжайлар бойынша басшысының атына беріледі.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Жеке тұлғаның арызында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), пошталық мекен-жайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

Шағымның қабылдануын растау оның шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып, қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) тіркелуі болып табылады.

Портал арқылы өтініш білдіргенде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

Портал арқылы өтініштерді жолдау кезінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші тарапынан шығымдарды өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу туралы белгілер, қарастыру немесе қарастырудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын өтініш жөніндегі ақпарат қолжетімді.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады. Шағымды қарастыру нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық форматта көрсетілетін қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

  1. www.edu.gov интернет-ресурсында орналастырылған.
  2. 8 800 080 7777 арқылы алу мүмкіндігіне ие.

«Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

Нысан

________________________________

(органның атауы)

Өтініш

Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындауды сұраймын ________________________

____________________________________________________________________

(баланың (балалардың) Т.А.Ә.(бар болғанда), туған жылы)

Патронаттық тәрбиешінің

Тегі ________________________________ Аты ________________________

Әкесінің аты (бар болғанда)____________________________________________

Мекенжайы _________________________________________________________

20 ___ жылғы «___» ______________ патронаттық тәрбиеге баланы (балаларды) беру туралы келісімі

Патронаттық тәрбиешінің жеке басын куәландыратын құжаттың түрі ________

____________________________________________________________________

Сериясы ____________ нөмірі ______________ кім берді ___________________

Жеке сәйкестендіру нөмірі ____________________________________________

дербес шотының № _____________ Банктің атауы _________________________

Жеке мәліметтер өзгерген жағдайда 15 жұмыс күн ішінде ол туралы міндетті түрде хабарлаймын.

Дұрыс емес мәліметтер мен жалған құжаттар ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілді.

20__ жылғы «___» _____________ ______________________________________

 (өтініш берушінің қолы)

Құжаттар қабылданды:

20__ жылғы «___» _____________

_________________________________________________________________

(қолы) (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә. (бар болғанда), қызметі)

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

(кесу сызығы)

Жеке мәліметтер өзгерген жағдайда 15 жұмыс күн ішінде ол туралы міндетті түрде хабарлаймын.

Дұрыс емес мәліметтер мен жалған құжаттар ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілді.

20__ жылғы «___» ______________ азаматтың (ша) ___________________ өтініші қосымша құжаттарымен _______________ дана қабылданды.

____________________________________________________________________

(қолы) (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә. (бар болғанда), қызметі)

«Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша

Нысан

Астана және Алматы қалаларының,

аудандардың және облыстық маңызы

бар қалалардың жергілікті атқарушы

органдарының,  «электрондық үкіметтің» веб-порталының қағаз түрде берген құжаттың шығу нысаны         

«Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау туралы

шешім

№ ____                                                            «___» _______________20 ___ жыл

____________________________________________________________________

(органның атауы)

Істің № _______

Азамат(ша) __________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)

Жүгінген күні ________________________________________________________

Баланың туу туралы куәлігі (туу туралы актінің жазылуы)

№ _____________ берген күні _____________________________ баланың туу туралы куәлігін (туу туралы актінің жазылуы) берген органның атауы ____________________________________________________________________

Баланың Т.А.Ә. (бар болғанда) __________________________________________

Баланың туған жылы __________________________________________________

Патронаттық тәрбиеге баланы беру туралы келісім ________________________

Бекітілген күні 20 ___ жылғы «___» ______________

Белгіленген жәрдемақы сомасы

20__ ж. __________ дан 20__ ж. __________ ғадейін

______________________________________________________ теңгесомасында

(жазбаша)

Айлық есептік көрсеткіштің өзгеруімен байланысты тағайындалған ақшалай қаражат сомасы:

Баланың Т.А.Ә. (бар болғанда) __________________________________________

жәрдемақы ________________ ден _______________ ға дейін ___________ теңгесомасында _____________________________________________________

(жазбаша)

Ақшалай қаражатты тағайындаудан бас тарту себебі: _______________________

_________________________________________________________________

Ақшалай қаражатты төлеуді тоқтату себебі: _______________________________

_________________________________________________________________

Мөрдің орны

Астана және Алматы қалаларының,

аудандардың және облыстық маңызы

бар қалалардың жергілікті атқарушы

органдарының басшысы                                    __________________________

                                                                                              (қолы)    (тегі)

Астана және Алматы қалаларының,

аудандардың және облыстық маңызы

бар қалалардың жергілікті атқарушы

органдарының, «электрондық үкіметтің» веб-порталының қағаз түрде берген құжаттың шығу нысаны 

Құжат электрондық үкімет жүйесінде құрылған

ЭҮП/ПЭП

Документ сформирован системой электронного правительства

ХҚКО/ЦОН

Берілген күні

АЖО/АРМ

Дата выдачи

Осықұжат«Электрондыққұжатжәнеэлектрондықцифрлыққолтаңбатуралы»2003жылғы7қаңтардағы№370-IIҚазақстан Республикасы 3анының7-бабының1-тармағынасәйкесқағазтасығыштағықұжатқатең.

Данныйдокументсогласнопункту1статьи7Закон Республики Казахстанот7января2003года«Обэлектронномдокументеиэлектронныйцифровойподписи»равнозначендокументунабумажномносителе.

*Штрих-код«Электрондықәкімдік»ақпараттықжүйесіұсынғанэлектрондық-цифрлыққолтаңбаменқолқойылғандеректердіқамтиды

Штрих-кодсодержитданные,предоставленныеинформационнойсистемой«Электронныйакимат»иподписанныеэлектронно-цифровойподписью

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2016 жылғы «24» наурыз

№ 210 бұйрығына

2 – қосымша

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығына

1-қосымша

«Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

  1. Жалпы ережелер

  1. «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
  3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1)       көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап және портал арқылы өтініш берген кезде – бес жұмыс күн;

2)       көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минут;

3)       көрсетілетін қызметті берушідегі қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты  біржолғы ақшалай төлемді тағайындау туралы шешім.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі үшін қағаз жеткізгіште өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, қағазға басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен және мөрімен расталады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі және сақталады.

  1. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
  2. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден бастап жұма аралығын қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

2) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).

  1. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1)       осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2)       көрсетілетін қызметті алушының жеке басын кәуландыратын құжаттың көшірмесі;

3)       баланың (балалардың) білім беру ұйымында оқуы туралы анықтама;

4)       баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру туралы шарттың көшірмесі.

Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада ұсынылады, кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мынадай мәліметтерді көрсетіп, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді:

1)       сұраныстың нөмірі және қабылданған күні;

2)       сұралатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;

3)       қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

4)       құжаттардың берілетін күні (уақыты) мен орны;

5)       құжаттарды ресімдеуге көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті қабылдаған қызметкерінің аты, тегі, сондай-ақ болса әкесінің аты (бар болғанда);

6)       көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, сондай-ақ болса әкесінің аты (бар болғанда) және оның байланыс телефондары.

Порталда көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1)       көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұранысы;

2)       баланың (балалардың) білім беру ұйымында оқуы туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;

3) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда бала асырап алушылардың бірінің атына жеке шоттың ашылғаны туралы шарттың электрондық көшірмесі.

Жеке басын растайтын құжаттар туралы мәліметтерді, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есебі бойынша адамның, сондай-ақ жұбайының (зайыбының) қылмыс жасағаны туралы мәліметтің бар немесе жоқтығы туралы анықтамаларды көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілген қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйедегі мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.

Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сұранысын қабылдау туралы, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні және уақыты көрсетілген хабарлама мәртебесі жіберіледі.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1.  Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша басшысының атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда пошта не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Жеке тұлғаның арызында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), пошталық мекен-жайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

Шағымның қабылдануын растау оның шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) тіркелуі болып табылады.

Портал арқылы өтініш білдіргенде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының «1414», 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

Портал арқылы өтініштерді жолдау кезінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші тарапынан шығымдарды өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу туралы белгілер, қарастыру немесе қарастырудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын өтініш жөніндегі ақпарат қолжетімді.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекен-жайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады. Шағымды қарастыру нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібітуралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының «1414», 8 800 080 7777. телефоны бойынша алуға болады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық форматта көрсетілетін қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекен-жайлары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда көрсетілетін мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
  3.  Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен жағдайы туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алу мүмкіндігіне ие.
  4. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8 800 080 7777.

 «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

Нысан

______________________________

(органның атауы)

Өтініш

Бала __________________________________________________ асырап (баланың (балалардың) Т.А.Ә., туған күні) алуға байланысты біржолы ақшалай төлем тағайындауды сұраймын.

Тегі _____________________________________________________________

Аты _______________ Әкесінің аты (бар болғанда) _____________________

Мекенжайы ______________________________________________________ Соттың атауы _____________________________________________________

Соттың 20___ жылғы «______»_____________ №_______шешімі

Бала асырап алушының жеке басын куәландыратын құжаттың түрі __________

_______________  сериясы ____________ нөмірі ____________ кім берген

________________________________________________________________

Жеке сәйкестендіру нөмірі _________________________________________

Жеке шотының № _________________________________________________

Банктің атауы _____________________________________________________

Қосымша:

1) баланы асырап алу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесі;

2) бала асырап алушының жеке куәлігінің көшірмесі;

3) бала асырап алу туралы куәліктің көшірмесі;

4) асырап алынған баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

5) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда бала асырап алушылардың бірінің атына жеке шоттың ашылғаны туралы шарттың көшірмесі. Дәйексіз мәліметтер мен жалған құжаттарды ұсынғаным үшін жауаптылық туралы ескертілді.

20 ___ жылғы «_____» ______ Өтiнiш берушiнiң қолы ____________________

Құжаттар қабылданды: 20___ жылғы «___» ___________

______________ __________________________________________________

    (қолы)           (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә. (бар болғанда), лауазымы)

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

(кесу сызығы)

20__ жылғы «___» ______________ азаматтың (ша) ___________________ өтініші қосымша құжаттарымен _______________ дана қабылданды.

____________________________________________________________________

(қолы) (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә. (бар болғанда), қызметі)

«Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша

Нысан

Астана және Алматы қалаларының,

аудандардың және облыстық маңызы

бар қалалардың жергілікті атқарушы

органдарының, «электрондық үкіметтің» веб-порталының қағаз түрде берген құжаттың шығу нысаны 

Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындаутуралы

шешім

№ ____                                                                                «___» _______________20 ___ жыл

_______________________________________________________________________

(органның атауы)

Азамат(ша) __________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)

Жүгінген күні ________________________________________________________

Асырап алынған баланың Т.А.Ә. (бар болғанда) _________________________

________________________________________________________________

Асырап алынған баланың туған күні ____________________________________

Асырап алынған баланың туу туралы куәлігі (туу туралы актінің жазбасы)

№ ______________________ берiлген күнi _______________________________

баланың туу туралы куәлiгiн (туу туралы актiнің жазбасын) берген органның атауы ___________________________________________________________

 20 ___ ж. «____»________________ бала асырап алу туралы соттың шешімі.

Бала асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемнің тағайындалған сомасы _________________________________ теңгені құрайды

`(сомасы жазбаша)

себебі бойынша _______________________________________________ біржолғы ақшалай төлем тағайындаудан бас тартылды.

Мөрдің орны

Астана және Алматы қалаларының,

аудандардың және облыстық маңызы

бар қалалардың жергілікті атқарушы

органдарының басшысы                                    __________________________

                                                                                              (қолы)    (тегі)

Астана және Алматы қалаларының,

аудандардың және облыстық маңызы

бар қалалардың жергілікті атқарушы

органдарының, «электрондық үкіметтің» веб-порталының қағаз түрде берген құжаттың шығу нысаны 

Құжат электрондық үкімет жүйесінде құрылған

ЭҮП/ПЭП

Документ сформирован системой электронного правительства

ХҚКО/ЦОН

Берілген күні

АЖО/АРМ

Дата выдачи

Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындаутуралы

шешім

№ ____                                                                                «___» _______________20 ___ жыл

_______________________________________________________________________

(органның атауы)

Азамат(ша) __________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)

Жүгінген күні ________________________________________________________

Асырап алынған баланың Т.А.Ә. (бар болғанда) _________________________

________________________________________________________________

Асырап алынған баланың туған күні ____________________________________

Асырап алынған баланың туу туралы куәлігі (туу туралы актінің жазбасы)

№ ______________________ берiлген күнi _______________________________

баланың туу туралы куәлiгiн (туу туралы актiнің жазбасын) берген органның атауы ___________________________________________________________

 20 ___ ж. «____»________________ бала асырап алу туралы соттың шешімі.

Бала асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемнің тағайындалған сомасы _________________________________ теңгені құрайды

`(сомасы жазбаша)

себебі бойынша _______________________________________________ біржолғы ақшалай төлем тағайындаудан бас тартылды.

Мөрдің орны

Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-II Қазақстан Республикасы Заныңын 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз тасығыштағы құжатқа тең.

Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 ЗРК от 7 января 2003 года «Об электронном документе и электронный цифровой подписи» равнозначен документу на бумажном носителе

*Штрих-код «Электрондық әкімдік» ақпараттық жүйесі ұсынған және электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қойылған деректерді қамтиды. Штрих-код содержит данные, предоставленные информационной системой «Электронный акимат» и подписанные электронно-цифровой подписью