«Приозерск қаласының білім бөлімі » мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсетумәселелері жөніндегі қызметінің 2016 жылға арналған  есебі

Жалпы ереже

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 Қаулысымен Мемлекеттік қызметтер тізілімі бекітілген. Тізілімге сәйкес мемлекеттік органдармен (ведомстволық бағыныстағы ұйымдармен) мемлекеттік қызметтің 22 түрі Приозерск қаласының жергілікті атқарушы органы және  білім беру  ұйымдарында көрсетіледі.

- «Приозерск қаласының білім бөлімі» ММ – 846 қызмет; - «Приозерск қаласының №1 жалпы орта білім беретін  мектебі» КММ – 351 қызмет; -«Приозерск қаласының №2 жалпы орта білім беретін  мектебі» КММ – 249 қызмет; -«Приозерск қаласының «Достық» балалар- жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК  – 890 қызмет; -«Приозерск қаласының «Айналайын» бөбекжайы» КМҚК – 56 қызмет; -«Приозерск қаласының «Балақай» бөбекжайы» КМҚК - 108 қызмет; -«Приозерск қаласының «Балбөбек» бөбекжайы» КМҚК –42 қызмет көрсетілді. 2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: - мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны - 2016 жылы 13 қызмет түрінен барлығы  2558 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны- 380 қызмет- тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барлығы тегін көрсетіледі. Саны  - 2558 қызмет. -  қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 2170 қызмет.

- веб-портал арқылы – 8 қызмет. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары және регламенттері бекітілген. Қызмет алушылармен жұмыс.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік мекемелердің ақпараттық стендтерінде және білім бөлімі, білім беру ұйымдарының  ресми интернет ресурсында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қажетті ақпарат орналастырылған. Тиісті айдардағы ақпаратты жаңарту жөніндегі жұмыс жүйелі түрде жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жетілдіру автоматизациялануына және олардың электрондық түрде көрсетілу сапасының жақсартылуына бірінші кезекте назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жасау барысында көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар келіп түспеген. Ішкі бақылау жүргізу барысында мемлекеттік қызмет сапасы мен оның уақытында көрсетілуіне бақылау жасау жөніндегі жұмыс ұйымдастырылған. Бұл мәселе мемлекеттік қызмет көрсетуші мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметшілерінің ұдайы бақылауында.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.

Қызмет алушылардың көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен қызмет алушылардың қанағаттануын одан әрі арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың алдына келесі міндеттер қойылды: - өтініш қабылдау кезінде қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарында қарастырылмаған құжаттарды талап етпеу; - мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті тиісті уақытында тіркеу; -мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қажетті жағдай жасау; -мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету; - қызмет алушыларды мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы хабардар ету жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізу; - тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың этикалық нормаларды сақтауын ұйымдастыру.

Приозерск қаласының білім  бөлімінің

атқарылған жұмысы туралы есеп

Приозерск  қаласында жалпы білім беретін мектептерін 2014-2015 оқу жылы  1696 бала бітірді. 2015-2016 оқу оқу жылында 1749 оқушы білім алуда. Барлық оқушылар оқулықтармен қамтылған. 2015 жылғын бюджеттінде   7999,0 теңге бөлініп қажетті оқулықтарға тапсырыс берілді. Мектептердегі оқушылардың барлығы оқулықтармен толық қамтылды.

Қаржыландыру.  2014 жылы білім мекемелерін, қаржыландыруға    479614,0 бөлінсе    2015 жылы бұл сома  565675,0 тенгені құрап отыр. Көбею себебі жаңа бала бақшаның ашылуына байланысты болды. Бұл қаражаттын ішінде білім беру мекемелерінің қызметкерлерінің жалақысы, әлеуметтік төлемдер, іс-сапар шығыстары қамтылған. Бюджеттін тапшылығына қарамастан 2 мектеп балабақша кешеніне ер балаларға арналған еңбек кабинеті жаңартылып «Достық» балалар және жасөспірім орталығына  робототехника лабораториясы мен бассейініне құрғатқыш құрал сатып алынды.

 Білім қорына бөлінген қаржы. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын киіндіруге, ыстық тамақпен қамтамасыз етуге жалпы білім қорына  2015 жылы                  24,7 млн теңге (9,3%) . бұның ішінде 17,5 млн тамақтануға, 3,1 млн.тг киімкешек алуға, 3,6 млн.тг демалыс лагеріне, 474,0 мың тенге түрлі шараларға қатысуға.

 

Компьютерлендіру. 2016 жылдың 1 қаңтарына 1 компьютерге  7,1 оқушыдан келіп отыр, 2015 жылы 5,9 болған. Биылғы жылы ескірген компьютерлер саны көбеюде. 2014 жылы 6 дана болса биыл 19 дананы құрап отыр .

интерактивті тақта саны -11.

Мектептер толығымен жаңа модификациядағы кабинеттермен жабдықталған

 

 

Мұғалімдер саны 138. 37 мұғалім «Кембридж» тәсілдерінің негіздері бойынша ІІІ деңгейдегі курстарында   қайта даярлау курстарынан өтті. Өткен  жылы он екі мұғалім өткен болса,  осы жылы алты мұғалім оқыды. Қысқа мерзімді курсқа 2014 жылы  54 мұғалім қатысса (39,4%), 2015 жылы 57 (41%) білімдерін жетілдіріп келді.

ҰБТ.   2015-2016 оқу жылының тестілеу қорытындысының  орташа көрсеткіші 83,59 балды  құрады.  ҰБТ қатысқан 5 түлек грант иегері болды. Осы оқу жылы ҰБТ дайындық жүріп жатыр, жазғы және күзгі каникул кездерінде мұғалімдер Қарағанды каласына барып білімдерін жетілдіріп білікті мамандардың тәжірибесін үйреніп қайтты. Мектептерде ай сайын сынама тесттер алынып сараптама жасалып отырады.

          Тәрбие. Ішкі  істер  бөлімінде тіркеуде 9 кәмелетке  толмаған бала мен 13 сәтсіз отбасы тұр. Мектепшілік тіркеуде 10 бар. Тіркеуде тұрған әр балаға жеке жосапар жасалып жұмыстар жүргізілуде.  Оқушылардың қатысуымен болған қылмыстық істер тіркелмеген, құқықбұзушылықтар саны - 57. Суицид фактілері орын алған жоқ.

 

Оқушылар жетістігі

 

2014-2015 оқу жылында облыстық, республикалық іс-шараларға (олимпиада, конкурс, сайыстар, шығармашылық байқаулар, фестиваль, слет, көрме, форумдар, спорт сайыстары) қалалық мектеп оқушыларының 462-і қатысты.

         Соның ішінде жүлделі 1-ші,2-ші,3-ші орынға ие болғандар, алғыс хат, диплом, алған оқушылар саны  - 68.

Сертификат алғандар саны – 374

Осы оқу жылы №1 орта мектебінің  оқушысы облыстық пән олимпиадасында бірінші орын алып республикалық кезеңге жолдама алды. Ғылыми жоба қорғаудан республикалық сайыстан женімпаздарымыз бар.

 

2014 жылғы жазғы маусымда демалыспен қамтылған бала саны –   1555. 45 бала қала сыртындағы сауықтыру лагеріне қатысып, 321 бала мектеп жанындағы лагерьлерде, 450 тамақсыз лагерьде уақыттарын өткізді, қалған балалар секциялар мен үйрмелерге қатысты.  

 

 

Қосымша білім беру 

Қосымша білім берумен 814 бала қамтылған, 2014 жылмен салыстырғанда 182 балаға көп, немесе 129 пайызға өскен.

Секция мен үйірмелер саны - 22

Қалалық іс шараларға – 3700 бала қатысса, 370 бала облыстық және республикалық деңгейдегі іс-шараларға қатысты.

 

Мектепке дейінгі білім беру

Мектепке дейінгі білім берумен қамту көрсеткіші 98,8 пайызды құрайды. Кезекте 0 мен 6 жас аралығында 479 бала тұр. Мектепке дейінгі мекемелер қажетті жабдықтармен қамтылған. Бала бақша тәрбиеленушілері жыл бойы облыстық және республикалық сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болды.

«Приозерск қаласының білім  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қорғаншылық және қамқоршылық органында бүгінгі күнге есепте 7 бала тұр.

         Ай сайын ата-ананың қамқорынсыз қалған және жетім балалардың асыраушыларына жәрдемақы төленеді. Сондай-ақ жылына екі рет қамқорларындағы балалардың денсаулығы, тұрмыс жағдайы және жылжымайтын мүліктері туралы есеп беріп отырады. Сонымен қатар қорғаншылық және қамқоршылық органымен олардың тұрмыстық жағдайы жылына екі рет тексеріліп тұрады.   

         Қарағанды қаласының және облыстағы мемлекеттік балалар мекемесінде Приозерск қаласынан 6 бала толық мемлекеттік қамтамасыз етілуде. Балалар үйінің барлық тәрбиеленушілері мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу үшін жеңілдікпен кезекте тұр.

         2015 жылы аталған санаттағы 13 балаға пәтерлер берілді.

Қорғаншылық және қамқоршылық органы 2014 жылы Қарағанды облысының кәмелете толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына бала асырап алу туралы 6 азаматтық іс бойынша сотқа қатысты. Ол істің біреуі Ресей Федерациясының азаматының өтініші болды. 2014 жылы ата-ананың құқығынан айыру бойынша өтініштер қарастырылған жоқ.

         Білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінде қорғаншылық және қамқоршылық бойынша 11 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Бұл көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері Халыққа қызмет көрсету орталығы және мемлекеттік орган арқылы көрсетіледі. 2014 жылы барлығы 5- Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет және 22-Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілді.

         2015 жылы қорғаншылық және қамқоршылық органының жоспарлаған іс шаралары:

1)    Іші істер органымен бірлесе отырып қараусыз қалған жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз балаларды уақытылы анықтау және есепке алу;

2)    жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз балалардың жылжымайтын мүліктік жағдайын қадағалау; тұрмыс жағдайдарын тексеріп отыру;

3)    жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз балалардың асыраушыларына уақытылы жәрдемақыны төлеу;

4)    Қамқоршылардан жылына екі рет есеп талап ету;

5)    Мекемедегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерін мерзімінде көрсету;

6)    Бала асырап алу және ата-аналық құқығынан айыру бойынша тиісті құжаттарды уақытылы дайындау және сотқа қатысу.

7)    Мекемедегі қорғаншылық және қамқоршылық органы бойынша ішкі бақылаудағы құжаттарды орындау, жоғарғы тұрған органдарға есептер тапсыру және т.б.

 

Бөлім басшысы                                         Г.Қасымова

 

«Приозерск қаласының білім  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

білім саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша

атқарған жұмысы туралы

есебі

 

 

         «Приозерск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі білім саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес төмендегі көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:

  1. Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру.

         2. Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу.

         3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру.

         4. Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру.

         5. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою.

         6. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау.

         7. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау.

         8. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау.

         9. Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау.

         10. Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну.

         11. Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру.

         12. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру.

         13. Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау.

         14. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру.

         15. Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау.

         16. Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу.

         17. Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау.

         18. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру.

            19. «Үздік орта білім беру ұйымы» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау.

         20. «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау.

         21. Орта білім беру мемлекеттік мекемелерінің басшыларын алмастыру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау.

         22. Педагог қызметкерлерге және оларға теңестірілген білім беру бағдарламаларын іске асыратын мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тұлғаларына біліктілік санаттарын беруге (растау)  аттестациядан өту үшін құжаттарды қабылдау.  

         2015 жылы мемлекеттік мекемемен барлығы 2228 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі көрсетілді:

         Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру- 4;

         Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру-30;

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою -340;

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау- 471;

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау- 170;

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау- 1;

Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау- 675;

Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну- 377;

Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру- 157;

         Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру-  3.

«Приозерск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер білім бөлімі, сондай-ақ баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілді. Мемлекеттік қызмет ниет білдіруші жеке тұлғаларға тегін көрсетілді.

 

 

 

«Приозерск қаласының білім бөлімі»

ММ басшысы                                                                     Г. Касимова