«Приозерск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылы атқарылған жұмыстары туралы және 2019 жылға міндеттері туралы

 

Мектепке дейінгі білім беру. 2018 жылы 1 жастан  6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 92,7%,  3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 100 %-ды құрайды (2017 жылы 99,3%).

 

«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызметі бойынша 2018 жылы  424 бала кезекке тіркелген.

 

2018 жылдың наурыз айынан бастап «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» және «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша    білім бөлімі және мектепке дейінгі ұйымдар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы «14» шілдедегі № 337 бұйрығымен қабылданған «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамаларды беру процесін автоматтандыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға» сәйкес «Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін автоматтандыру» ақпараттық жүйесі арқылы жұмыс істейді. «Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін автоматтандыру» ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу үшін жергілікті бюджеттен 7583,0 мың теңге бөлініп, «CUSTOM SOLUTIONS CENTER» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісімшарт жасалды.

 

Жалпы орта білім беру. Жалпы орта білім беретін мектептерде желтоқсан айының қорытындысы бойынша 1836 оқушы білім алады.       2017- 2018 оқу жылында  орта мектепті барлығы 70 оқушы аяқтады. Оның ішінде 30 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. ҰБТ қорытындысы бойынша  орташа балл  76,96 көрсеткішті құрайды.

 

Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру  бойынша жұмыстар атқарылды.  96 мұғалім «Өрлеу» біліктілігін арттыру институтында, педагогикалық шеберлік орталығында  жаңартылған білім беру мазмұны бойынша біліктілігін арттырды. 3 мұғалім Назарбаев интеллектуалдық мектебінде тілдік курстардан өтті.

 

2018 жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйек аралығында жыл сайынғы жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты – аз қамтылған  және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының  қамқорлығынсыз қалған оқушыларға  жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету.

 

«Мектепке жол» республикалық акция аясында мектептердің  жағдайы төмен отбасының балаларын спорттық киімдердермен, мектеп формаларымен,  аяқ киімдермен,  оқу құралдарымен қамтамасыз етуге Астана қаласының мердігерлік компаниясы директорының орынбасары А.С.Муханбетжанов,қаламыздың жеке кәсіпкері М.Аймаханова, Приозерск қаласы ішкі істер бөлімі, «Ертай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Котломаш Караганды» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз үлестерін қосты.

 

«Мектепке жол» республикалық акциясы қалалық мешітте де жүргізіліп, көмекке мұқтаж он бала жалпы сомасы 82000 теңге болатын киім мен құрал жабдықтармен қамтамасыз етілді.

 

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына балаларды қабылдауды автоматтандыру жолымен жүргізуді қамтамасыз ететін Астана қаласының «CUSTOM SOLUTIONS CENTER» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігі қаламыздың бірінші сынып түлектеріне арнап кеңсе құрал жабдықтары бар 20 рюкзак сыйға тартты. 

 

«Мектепке жол» акциясы барысында қаламыздың білім беру ұйымдарының жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан шамамен 100-ден аса балаға орта есеппен 880000 теңгеге көмек көрсетілді.

 

Инклюзивті білім беру – жалпы білім берудің процесі, ол білім берудің жалпыға қолжетімді болуын, барлық балалардың түрлі білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруды қарастырады, бұл дамуында кемшілігі бар балалардың да білім алуына мүмкіндік береді. Қала бойынша педагогикалық-медициналық психологиялық комиссиясының тексеруінен өткен барлығы 68 бала инклюзивті білім берумен қамтылған. Оның ішінде №2 мектепте – 45 бала,  №1 мектепте -12 және «Айналайын» бөбекжайында – 16 бала білім алады. Тәжірибелік алаң болып табылатын №2  орта  мектепте  арнайы мамандар, атап айтқанда дефектолог, психолог, медициналық қызметкерлер, логопед, т.б. мамандар жұмыс істейді. Мамандардың жұмысын жақсарту үшін Монтессори кабинетіне 2018 жылы қосымша құрал жабдықтармен толықтырылды. №1 жалпы орта білім беретін мектебі магниттік мектеп болып №2 мектептің тәжірибелік алаңына  бекітілген. Магниттік мектеп бойынша қазіргі уақытта дефектолог маман жұмыс істейді.

 

2019 жылғы 15-25 қаңтар аралығында 25 мұғалім және мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының оқытушылары инклюзивті білім беру бойынша екі апталық курс өткізеді.

 

«Приозерск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы  патронаттық тәрбиеде 5 бала тәрбиеленуде. Үш патронаттық тәрбиешімен келісім шарт жасалған. Патронаттық тәрбиешілер ай сайын жалақы алып отырады, сондай-ақ жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп отырғандары үшін 2 балаға-9 айлық көрсеткіші және 3 балаға-10 айлық көрсеткіші төленеді. Патронаттық тәрбиедегі барлық балалар жеңілдікпен пәтер алу кезегіне тіркелген. Республикалық деректер қорында бұл санаттағы балалар туралы барлық мәліметтер толтырылған. Бүгінгі күнде Республикалық деректер қорында патронаттық тәрбиеге бала алуға ниет білдіруші алты үміткер тіркелген.

 

Жалпы оқумен қамту қоры есебінен аз қамтылған  және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының  қамқорлығынсыз қалған оқушыларға көмек көрсетіледі. 2018 жылы жергілікті бюджеттен 25022,0 мың теңге қаражат бөлінді. Жалпы оқумен қамту қоры есебінен  297 бала тегін ыстық тамақпен қамтылды, 110 бала жазғы маусымда мектепішілік және 60 бала сыртқы лагерде демалыс күндерін өткізді. Сонымен қатар 287 балаға сыртқы киімдер,  135 бастауыш сынып оқушыларына  жаңажылдық шыршада  сыйлықтар тару етілді.

 

Мектептерде тәрбие  саласында  «Тәрбие   және  білім» кіші  бағдарламасын  басшылыққа  ала  отырып,  жұмыстар  атқарылуда. Мектептерде  «Болашаққа   бағдар; рухани  жаңғыру»  мақаласын   оқып,  насихаттау   мақсатында   ашық  тәрбие  сағаттары  өткізілді. Әрбір  тәрбие  сағатын  өткізу  барысында  мектеп  ұстаздары   оқушыларға  патриоттық   тәрбие  бере  отырып,  сананы  жаңғырту  арқылы  мектебін,  қаласын,  туған  жерін  сүюге  тәрбиелейді  және  зерттеп  оқып  үйренуге  бағыт-бағдар  береді.   Осыған орай  29- қыркүйек  күні   Теміртау   қаласында   өткізілген «Рухани  жаңғыру» бағдарламасын  жүзеге  асыруға  арналған   облыс  жастарының   форум- фестиваліне  10  оқушы  қатысып  келді.  11 «ә» сынып  оқушысы   Сегізбай   Саида  «Үздік   қолөнер   шебер» номинациясын  жеңіп, бағалы  сыйлыққа  ие болды. Қалған  қатысушыларға   сертификат  табысталды.

           

Елбасы   аталған мақаладан жаңаша бастау алатын  «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынып отыр. Әрбір азаматтың өзінің туған жерінің гүлденуі үшін нақты үлес қосуға үндейді.  11 сынып   жетекшілері «Туған  жер»  бағдарламасын   жоба  ретінде  алып, сыныбымен  бірге  қаламыздан  шыққан   атақты  адамдар  жайында     материалдар  жинап,  жоба  ретінде  жұмыс жасады.  

   

2018 жылдың 12 қыркүйегінде  «Достық» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында балалар мен жасөспірімдердің аутодеструктивтік мінез-құлқына жол бермеу үшін «Сенім» қоғамдық қабылдауы ашылды. «Сенім» қоғамдық қабылдауының ашылуы «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының «Тәрбие және білім» атты кішібағдарламасы аясында жүзеге асырылды. «Сенім» қабылдауына бөлінген 1 200 000 тенгеге қажетті жабдықтар: жиһаз, компьютер, теледидар, музыкалық орталық, әдістемелік құралдар сатып алынды.

 

"Сенім" қабылдау орталығының негізгі қызметі Приозерск қаласындағы аутодерструктивтік мінез-құлықты балаларға көмек көрсету және анықтау бойынша шараларды жүзеге асыру болып табылады. Жасөспірімдерге БАҚ және стереотипті жаппай сананың әсер етуі, эмоционалдық тұрақсыздық және жоғарғы сезімталдық, осы жасқа тән белгілер, елеулі сәтсіздіктерді еңсерудегі тәжірибенің жоқтығы, өмірдің мағынасын жоғалтуға әкеліп, жасөспірімдер үшін аутодерструктивтік мінез-құлық үлгісін таңдауына ықпал етеді.

 

Қоғамдық қабылдау іс-шаралары балалар мен жасөспірімдерді қиын өмірлік жағдайларға сындарлы шешім қабылдауға, бос уақытты балама тәсілдермен өткізуді, ерік-жігерін арттыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

 

2018 жылдың 30 қарашасында Приозерск қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде және 28 желтоқсанда №1 жалпы орта білім беретін мектепте  Елбасымыздың бастамасымен цифрлық технологияны дамытуға бағытталған және  «Нұр Отан» партиясы «Рухани жаңғыру» аясындағы жаңа жобаларды іске асыру шеңберінде  ІТ кабинеттер ашылды. IT сыныптар заманауи компьютерлермен, 3D принтермен, жоғары жылдамдықты интернетпен, қажетті веб бағдарламалармен қамтылған. Қазіргі кезде  мектеп оқушылары заман талабына сай робототехника, модельдеу, бағдарламалау, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар негіздерін меңгере алады, бұл өз кезегінде олардың жеке қабілеттерін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

 

Материалдық-техникалық база. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық  базасын нығайту үшін  жыл сайын жергілікті бюджеттен қаражат бөлінір отырады.

 

2018 жылы жергілікті бюджеттен пән мұғалімдерінің сабақ барысында қолдануы үшін 4960,0 мың теңгеге 16 дана ПИК (проектор-интернет-компьютер) сатып алынды.

 

№2 орта мектепке 3037,0 мың теңгеге алғашқы әскери дайындық кабинеті және қыздарға арналған еңбек кабинеті, №1  орта мектепке 1000,0 мың теңгеге балаларға арналған интеллектуалдық кабинет, 3075,0 мың теңгеге робототехника кабинеті сатып алынды.

 

Жалпы сомасы 3747,0 мың теңгеге мектептерге және «Балбөбек» бөбекжайына, «Еркетай» шағын-орталығына, «Достық» БЖШО-на жиһаздар сатып алынды.

 

2018-2019 оқу жылында 3,6,8 сыныптарға арналған жаңа білім беру мазмұны бойынша мектептерге оқулықтарды сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 27 млн.теңге бөлінді. Қосымша өлкетану және музыка оқулықтарына 550,0 мың теңгеге қаражат бөлініп, мектеп оқушылары оқулықтармен білім алады.

 

Ағымдағы жөндеу жұмыстары. 2018 жылы білім беру ұйымдарының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 59631,0 мың теңге бөлінді. «Достық» БЖШО-да бассейн, шатыры жөнделді. «Айналайын», «Балбөбек», «Балақай» бөбекжайының топтарда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Балақай» бөбекжайында жылу беру трубалары ауыстырылды. №1 мектепте сатыларға кафель төселді, сантехникалық жұмыстар жүргізілді, металл қоршауы жөнделді,ғимарат шатырына жөндеу жұмысы жасалды. №2 мектепте спорттық алаң жөнделді, брусчаткалар төселді. Ғимараттың бірінші қабатта  едендерге кафелдер төселді.

 

2019 жылға қойылған  міндеттер:

 

  1. Білім беру ұйымдарында білім жүйесін жетілдіру шараларын қолданып оқушылардың білім сапасын көтеруді қамтамасыз ету.
  2. Сатып алу конкурсының процедураларын уақытылы өткізіп, келісімшарт жасау.
  3. Ағымдағы жөндеу жұмыстарын сапалы өткізу.
  4. №1 орта мектептің және «Айналайын» бөбекжайының ғимаратын зерттеу жұмыстарын өткізіп, құжат-жобалық құжаттарын дайындау.
  5. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңарту.
  6. 2019 жылы 1 тоқсанда білім беру ұйымдарының мемлекеттік рәміздерін ауыстыру.
  7. Оқушылар арасында кәсіпкерлікті дамытуға арналған  шараларды ұйымдастыру.
  8. Балалардың жазғы маусымда демалысын  және сауықтырылуын  қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру.